Procter & Gamble

Skip to main content

Procter & Gamble веб-сайттарын қолдану шарттары

Соңғы жаңартылған: Ақпан, 2016

МАЗМҰНЫ

Procter & Gamble компаниясы не оның серіктестері, бөлімшелері, уәкілетті тараптары, ізбасарлары, брендтері, лицензия берушілері, лицензия иеленушілері және/немесе агенттері ("P&G," "Procter & Gamble" немесе "біз") басқаратын веб-сайттар желісі (жинақтап айтқанда, "веб-сайттар", "сайттар" немесе "сайт") әр түрлі веб-сайттар мен веб-беттерден тұрады. Осы құжатта қамтылған шарттар, ережелер және ескертулер (жинақтап атағанда, "Шарттар") барлық P&G веб-сайттарына қолданылады. Сонымен қатар, бұндай сайттар арқылы ұсынылатын нақты P&G веб-сайттары немесе мүмкіндіктері және әрекеттер (мысалы, акциялар және чат бөлмелері тәрізді) аталмыш сайттарда берілетін қосымша шарттарға ("Қосымша шарттар") тәуелді және олардың барлығы осы жерде анықтама ретінде берілген. Егер осы жерде берілген шарттардың кез келгені кез келген нақты P&G веб-сайтындағы Қосымша шарттарға қайшы келсе, онда Қосымша шарттар басымдыққа ие болады.

ОСЫ ВЕБ-САЙТТЫ НЕМЕСЕ БАСҚА P&G ВЕБ-САЙТТАРЫН ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА ТӨМЕНДЕГІ ШАРТТАРДЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Сіз ("Пайдаланушы") шарттар мен тиісті Құпиялылық саясатын ешбір өзгертусіз қабылдасаңыз ғана P&G веб-сайттарын пайдалана аласыз. Осы сайтқа немесе басқа сайтқа кіру немесе пайдалану арқылы бұл шарттарға және тиісті Құпиялылық саясатына келісім бересіз. Бұл шарттарға келіспесеңіз, бұл сайтты немесе басқа кез келген сайтты пайдаланбаңыз.

Толық ақпаратты осы Шарттардың Қолданыстағы заңдар және келіспеушіліктер бөлімінен қараңыз.

Жоғарғы жаққа.

Құпиялылық

P&G веб-сайттарын пайдалану сонымен қатар P&G тұтынушы құпиялылық саясаты ("Құпиялылық саясаты") құжатының шарттарына бағынады. Егер сайттың қосымша жеке құпиялылық саясаттары бар болса ("Қосымша құпиялылық саясаттары"), онда осы сайтты пайдаланған кезде, сол Қосымша құпиялылық саясатына жүгіну керек. P&G тұтынушы құпиялылық саясаты мен Қосымша құпиялылық саясатының әр қайсысы "Құпиялылық саясат" болып табылады.

Біздің сайттарға кіргенде, веб-беттерді қарағанда және сілтемелерді басқанда, cookie және басқа технологияларды қолданып, ақпарат, соның ішінде IP мекенжайыңыз туралы ақпарат жинаймыз. Сондай-ақ, сізге электрондық хабар жібергенде, осы хабарды алғаныңызды білу үшін сандық cookie файлдарын қоса жібереміз. Сookie файлдарын веб-браузеріңіз арқылы жойып немесе олардан бас тартуға болады. Біз бұл ақпаратты, сонымен қатар сайтқа тіркелген кезде немесе басқа жолмен берген ақпараттарыңызды, сізге қызықты болуы мүмкін деген ақпараттарды Құпиялылық саясатына сәйкес жіберу үшін қолданамыз. Cookie файлдары туралы көбірек білу үшін мына жерді түртіңіз .

Жоғарғы жаққа.

Шарттарды өзгерту

P&G мерзімді түрде осы шарттарды өзгертуі мүмкін. Бұл әрекетті орындаған кезде жоғарыдағы "Соңғы жаңарту" жолағы қайта қаралатын болады. Сіз осы Шарттарды жүйелі түрде қарап шығуға жауаптысыз. Шарттарға өзгерістер енгізілгеннен кейін осы сайтты пайдалануды жалғастыру өзгерістерді қабылдағаныңызды білдіреді.

Жоғарғы жаққа.

Сайттарды жеке мақсатта пайдалану

Егер басқаша көрсетілмесе, сайт сіздің жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануыңызға арналған. Сайтта берілген кез келген мазмұнды немесе байланыс ақпараттарын ("Мазмұн"), соның ішінде және бұнымен шектелмей, мәтінді, сызбаларды, фотосуреттерді, кескіндерді, анимациялық кескіндерді, дыбыс, иллюстрацияларды, ақпаратты, бағдарламалық жасақтаманы, өнімдерді немесе қызметтерді, алдын ала келісім алмай, өзгертуге, көшірмесін жасауға, таратуға, жіберуге, көрсетуге, сахнада көрсетуге, қайта жасауға, жариялауға, лицензиямен беруге, туынды көшірмелер жасауға, тасымалдауға немесе сатуға болмайды. Сіз кез келген мазмұнды рұқсатсыз пайдалансаңыз, бізді орны толмас шығынға батырасыз және бұлай рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, сотпен шектеу қоюмен қатар, заңдағы қолдануға болатын барлық мүмкіндіктерді қолданатынымызға келісім бересіз. Cайттағы нақты материалға қатысты шектеулерді ескере отырып, Мазмұнның бөліктерін коммерциялық емес мақсатта пайдалану немесе бізге тапсырыс жіберу үшін электронды түрде көшіріп алуға және/немесе басып шығаруға болады. Мазмұнды жазбаша рұқсат алмайынша, басқа кез келген мақсатта пайдалануға, өзгертуге, қайта жасауға, таратуға, қайта басып шығаруға, көрсетуге немесе жіберуге қатаң тыйым салынады.

Сіз өнім сипаттамаларын, суреттерін, тізімдерін немесе бағаларын коммерциялық емес мақсатта өзіңіз үшін немесе бізге тапсырыс беру үшін ғана жинауға және/немесе пайдалануға келісім бересіз.

Сіз сайттың ешбір бөлігін қайта жасау, көшірмесін жасау, көшіріп алу, сату, қайта сату немесе коммерциялық мақсатта пайдаланбаймын деп, соның ішінде және бұнымен шектелмей, ешбір роботты, өрмекшіні немесе басқа автоматтандырылған құралмен ақпарат жинамаймын деп келісім бересіз. Бұл сайтты немесе сайттың кез келген ақпаратын немесе материалын, алдын ала жазбаша келісім алмайынша, жақтауға салып, "кірістірілген" байланыстыру немесе осыған ұқсас құралмен басқа веб-сайтта көрсетуге тыйым салынады. Бұл веб-сайтқа жасалған кез келген рұқсат етілген сілтеме, барлық қолданыстағы заңдарға, ережелерге және стандарттарға сәйкес келуі керек. Сіз біздің немесе осы сайтта көрсетілген кезде келген өндірушінің атауын немесе сауда белгілерінің ешбірін алдын ала жазбаша рұқсат алмайынша метатегтер немесе басқа "жасырын мәтін" түрінде көрсетпеуге тиіссіз. Сонымен қатар, келесі әрекетті орындамаймын деп келісім бересіз: (a) біздің атымыздан әрекет етпеуге немесе біздің инфрақұрылымға шектен тыс немесе себепсіз жүктеме салмауға; (b) сайттың жұмысына немесе сайт арқылы іске асырылатын кез келген әрекетке кедергі жасамауға немесе кедергі жасауға әрекеттенбеуге; немесе (c) біз сайтқа кіруге қоятын шектеулердің кез келгенін айналып өтпеуге.

Жоғарғы жаққа.

Пайдаланушы жазылымдары

Бұл шарттар P&G веб-сайттарына ("Жазылым") қатысы бар кез келген мәтін, фотосурет, бейне, пост, байланыс, музыка, аудио/дыбыс жазылымдары, өнер туындылары, рейтинг, шолу немесе басқа материалдарға байланысты сіздің және P&G әрекетін, құқықтарын басқару үшін қолданылады. Жазылымды жібере отырып, келесіге келісім бересіз:

Жазылым түпнұсқа, нақты, сіз дайындаған және жасанды адам атынан дайындалмаған;

сіз қазір Жазылымыңызда көрсетілген P&G өнім(дер)ін пайдаланушысыз және Жазылымда сіздің P&G өнім(дер)і туралы шынайы пікіріңіз бен ағымдық тәжірибеңіз көрсетілген;

сіз кәмелет жасына толғансыз, егер толмаған болсаңыз, ата-анаңыз немесе заңды қамқоршыңыз жазылымыңызға келісім беруі керек;

сіз P&G қызметкері емессіз немесе P&G серіктесі немесе агенті P&G өнімдері акциясын тарату және/немесе P&G өнімдерін сату үшін жұмысқа қабылдамаған; НЕМЕСЕ, егер P&G қызметкері болсаңыз немесе P&G серіктесі немесе агенті P&G өнімдері акциясын тарату және/немесе P&G өнімдерін сату үшін жұмысқа қабылдаған болса, Жазылымыңызда P&G компаниясымен қарым-қатынасыңызды көрсетуіңіз керек;

сіздің Жазылымыңыз (немесе оның кез келген бөлігі) P&G немесе кез келген үшінші тараптың жарнамалық немесе акциялық материалына кіргізілмеген немесе кіргізу үшін жоспарланбаған;

Жазылымыңыз ешбір алдын ала төлемақы алмай немесе ұсынған Жазылымыңыз үшін төлемақы аласыз деген сөз берілмей жіберілген. Жазылымыңыз сонымен қатар сіз алдын ала пайда көргеннен кейін немесе келешекте пайда көресіз деген мақсатта жіберілмеген және оны P&G акция жүргізу мақсатында ғана қолдануы мүмкін. Немесе, егер пайда тапқан болсаңыз, Жазылымыңызда қандай пайда көргеніңізді нақты көрсетуіңіз керек;

Жазылымыңыз жалған, шатастыратын, тіл тигізетін, жөнсіз, дөрекі, әдепсіз, орынсыз, басқаны айыптайтын, өсектейтін, атына кір келтіретін, ар-ұжданына нұқсан келтіретін, басқаша айтқанда орынсыз болмауы керек;

Жазылымыңызда кез келген үшінші тараптың авторлық құқықтарына, патентіне, сауда белгісіне, сауда құпиясына, жариялылық құқығына, моральдық құқықтарына және/немесе басқа да жеке немесе меншіктік құқықтарына нұқсан келтіретін мазмұн болмауы керек;

Жазылымыңызда кез келген заңды, заң актілерін, ережені немесе стандартты бұзатын мазмұн немесе кез келген заң, заң актілері, ереже немесе стандартты бұзып, қылмыстық немесе азаматтық заң бұзушылыққа әкелетін әрекеттерге итермелейтін, қолдау көрсететін нұсқау беретін материалдар болмауы керек;

Жазылымыңызда жеке адамға немесе топқа бағытталған, жек көрушілікті көрсететін сөздер немесе жеке адамға, серіктестікке, корпорацияға немесе саяси тұлғаға бағытталған қоқаң-лоққы жасайтын немесе заңсыз қудалауға арналған материалдар немесе мәтін болмауы керек;

Жазылымыңызда арандатушылық немесе басқаларды теріс жолға бағыттайтын, мысалы, форумда монополия жасап, үстемдік ету мақсатында бірнеше жазылымды пост ретінде шығару немесе форумның тақырыбына сәйкес келмейтін жазылым постын жасауға арналмаған болуы керек;

Үшінші тарап веб-сайттарын, мекенжайларын, эл. пошта мекенжайларын, байланыс ақпаратын, телефон нөмірлерін, басқа жеке адамның анықталмаған немесе жеткілікті түрде анықтауға болатын ақпаратын немесе жеке деректерін (соның ішінде, құпия ақпарат) осы тараптардан айтылған ақпараттарды P&G компаниясымен бөлісу туралы келісім алмайынша жазылымыңызда көрсетпеуіңіз керек;

Жазылымыңызда троян вирустары, вирустар, зиянды кодтар немесе басқа да ақпаратқа зақым келтіретін деректер, бағдарламалар немесе файл қамтылған материал болмауы керек; және

P&G сіздің жазылымыңызды пайдаланғанда, осы шарттарды бұзбайтын және ешбір жеке адамға немесе тұлғаға зардап шектірмейтін болуы керек.

Егер жазылымыңыз акцияға, лотереяға, жарысқа, қайырымдылық шараларға немесе сол сияқты бағдарламаға қатысты болса, Қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Жазылымда көрсетілген немесе сайт арқылы қолжетімді етілген кез келген пікір, кеңес, тұжырымдама, қызмет, ұсыныс не басқа ақпарат, P&G компаниясынікі емес, тиісті автор(лар)ға немесе дистрибьютор(лар)ға тиесілі болып табылады. Біз бұндай жазылымның нақтылығы, толықтығы немесе пайдалылығы туралы ешбір кепілдік бермейміз.

P&G компаниясы пайдаланушылар пост ретінде жариялаған немесе сайтқа кіру арқылы жасаған жазылымдардың барлығына шолу жасай алмайды және бұндай жазылымдардың мазмұны үшін ешбір жауапкершілік көтермейді. Сізге сайтта жинақталған, пайдаланушылар жасаған мазмұнды көруге және таратуға мүмкіндік беру арқылы, P&G осы сияқты ақпарат таратудың пассивті көзіне ғана айналып отырғанын және жазылымдардың мазмұндарына немесе сайттағы әрекеттерге қатысты ешбір жауапкершілік көтермейтінін ескертеді. P&G пост ретінде жазылым шығаруға немесе жазылым(дар)ды пайдалануға ешбір міндеттеме алмайды. (a) Басқаға тіл тигізетін, ар-ұжданға нұқсан келтіретін, орынсыз (b) жалған, алдамшы немесе шатастыратын, (c) авторлық құқыққа не сауда белгісіне нұқсан келтіретін, немесе; басқаның зияткерлік меншік құқығына немесе (d) заңнама немесе ережені бұзатын немесе (e) дөрекі не орынсыз жазылымдарды бұғаттау немесе алып тастау құқығын P&G тек өзінде сақтап қалады. Кез келген жеке адамды айғақтайтын ақпарат көрсетілетін пост жарияласаңыз немесе жіберсеңіз, оны Procter & Gamble компаниясы Procter & Gamble Құпиялылық саясаты бойынша қарастырады.

Біз Құпиялылық саясатымыздың аясында жинайтын жеке тұлғаны айғақтайтын ақпараттан басқа жазылымдардың барлығы құпия емес және меншікке жатпайды деп қарастырылады. P&G жазылымдарға қатысты ешбір жауапкершілікті көтермейді.

Жазылымды жіберу арқылы мынаның әрқайсысы үшін P&G компаниясына жеке-жеке келісім бересіз:

Пайдалану, мониторинг жасау, шолу, қайта жасау, өзгерту, бейімдеу, жариялау, аудару, туынды жұмыстар жасау, тарату, жіберу, көрсету және осы сияқты жазылым(дар)дың сахналық көрінісін, толық немесе жартылай, кез келген тәсіл, пішім не технология арқылы, онлайн немесе дербес күйде, қазір белгілі немесе кейін белгілі болатын, кез келген жолмен және бұнымен шектелмей, жалпыға ортақ қарау және/немесе түсіндірме жазу (P&G веб-беттерінде немесе үшінші тараптың веб-беттерінде), жариялау, маркетинг, мерчендайзинг жасау, жариялылық және коммерциялық мақсатта пайдалану үшін және сізге қосымша ескерту не төлем жібермей не рұқсат алмай (заң бойынша тыйым салынған жағдайлардан басқа жағдайда) әрекет етуге мүмкіндік беретін құқық немесе лицензия;

Атыңызды, лақап атыңызды, пайдаланушы атыңызды, биографиялық деректеріңізді, сіз дауыстап жазған жазылымдарды және/немесе кез келген иллюстрацияларды, фото немесе бейнежазбаларды, портреттерді, суреттеріңізді немесе осыған ұқсастарды немесе кез келген сіздің жариялылық құқықтарыңызды (жинақтап айтқанда, "Сіздің жеке мазмұныңыз"), толық немесе бұрмаланған түрде немесе басқа шығармашыл жұмысқа не авторлық жұмысқа енгізілген түрде, кез келген тәсіл, пішім не технология арқылы, онлайн немесе дербес күйде, қазір белгілі немесе кейін белгілі болатын, кез келген жолмен және бұнымен шектелмей, жалпыға ортақ қарау және/немесе түсіндірме жазу (P&G веб-беттерінде немесе үшінші тараптың веб-беттерінде), жариялау, маркетинг, мерчендайзинг жасау, жариялылық және коммерциялық мақсатта пайдалану үшін және сізге қосымша ескерту не төлем жібермей не рұқсат алмай (заң бойынша тыйым салынған жағдайлардан басқа жағдайда) пайдалануға мүмкіндік беретін құқық немесе лицензия;

Сонымен қатар, жазылымыңыздағы жоғарыдағы тізімде көрсетілген кез келген тармаққа қатысты моральдық құқықтарыңыздан бас тартуға келісім бересіз.

Жазылымды жіберу арқылы сіз, жазылымды пайдалануға немесе осыған қатысты туындайтын, осыны қоса және бұнымен шектелмей, жалған жариялау, авторлық құқықты бұзу, жеке басқа қол сұғушылық, жариялылық немесе моральдық құқықтарға және/немесе ар-ұжданға зақым келтіруден өзіңізді, өз ізбасарларыңызды, уәкілетті өкілдеріңізді және өкілдеріңізді, P&G және оның әр тиісті қызметкерлерін, директорларын, жұмыскерлерін кез келген шағым, сот, іс-әрекеттер, талаптар, міндеттер және шығындардан қорғаймын деп келісім бересіз. Жоғарыда айтылғанмен шектелмей, ешбір жағдайда құқықтарыңыздан бас тартпайсыз және жазылымды пайдалану немесе осы сияқты жазылымда көрсетілген жеке дерек мазмұнын және жоғарыда аталған ешбір P&G құқықтарын шектемейсіз.

Сіз P&G сізге жазылымды жіберуге рұқсат беру арқылы берген өкілдігіңізге, бас тартуларыңызға сенім артатынын түсінесіз. Сіз осы келісімде берілген құқықтар мен лицензияларды және/немесе релиздерді біржола тоқтатып және одан бас тарта алмайтыныңызды білесіз.

P&G сізде жазылымды өңдеу немесе жою мүмкіндігі болады деп кепілдік бермейді. Жазылым(дар)дың мазмұнына P&G емес, сіз жауапты екеніңізді түсінесіз.

Жоғарғы жаққа.

Этикалық кодекс

Сайтты немесе сайт арқылы берілген кез келген басқа функцияны пайдалану арқылы, осымен қатар және бұнымен шектелмей, жазылымды біздің сайтқа жіберген кезде, келесі этикалық нормаларды сақтаймын деп міндеттеме аласыз. Өзіңіз немесе басқа адамға немесе тұлғаға уәкілеттік бере отырып, мына әрекетті орындауға әрекеттенбейсіз:

  • Сайтты осы Шарттарды бұза отырып қолдану;

  • Сайттың кез келген бөлігін қайта жасау, көшіріп алу, сату немесе қайта сату немесе кез келген коммерциялық мақсатта пайдалану немесе сайтқа осы мақсатта кіру;

  • Басқа адамды немесе тұлғаны саналы түрде айыптау, қоқаң-лоққы көрсету, ізіне түсу немесе әдейі ұялту;

  • Басқа адам не тұлға атынан әрекет ету;

  • Кез келген көп деңгейлі маркетинг немесе пирамида схемаларына қатысу, қолдау көрсету, талап ету;

  • Кәмелет жасына толмаған баладан (18) жеке тұлғаны айғақтайтын деректі талап ету немесе осындай деректі пайдалану;

  • Форумда монополия жасап, үстемдік ету мақсатында бірнеше жазылымды пост ретінде шығару немесе форумның тақырыбына сәйкес келмейтін жазылым постын жасамау керек;

  • Троян вирустары, вирустар, зиянды кодтар немесе басқа да ақпаратқа зақым келтіретін бағдарламалар немесе материалдарды сайтқа жібермеу керек;

  • Сайттардың кез келген компьютер жүйесіне немесе жабық бөлігіне кіруге немесе сайтқа, серверлерге немесе сайттарға қосылған желілерге кедергі жасамауға;

  • Ешбір жеке адамның өміріне қол сұғуға, соның ішінде, жеке тұлғаны айғақтайтын ақпарат немесе осы сияқты басқа жеке, құпия деректерді олардың келісімдерін алмай жариялауға немесе сайтты пайдаланушылардың жеке тұлғаларын айғақтайтын ақпараттарын жинап алмауға;

  • ылмыстық немесе азаматтық іске апаратын немесе кез келген федералдық, штаттық, жергілікті немесе халықаралық заңдарды бұзуға итермелейтін әрекет жасауға немесе талқылауға қатысуға, қолдау көрсетуге, нұсқау беруге болмайды.

P&G барлық пайдаланушылар Этикалық кодекске немесе осы шарттың тармақтарына сәйкес әрекет етеді деп кепілдік бере алмайды және сіз бен біздің арамызда, осыған сәйкес келмеу нәтижесінде зақым не нұқсан келу мүмкіндігі барына келісеміз.

Жоғарғы жаққа.

Бұл сайттарда үшінші тұлғаларға тиесілі және жұмыс істейтін Интернет желісіндегі басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін ("Сыртқы сайттар"). Үшінші тарап P&G қосылған болса да, P&G осы Сыртқы сайттарды бақылай алмайды, олардың әрқайсысында P&G тәуелсіз жеке құпиялылық саясаттары, деректерді жинау тәжірибелері және ережелері мен шарттары бар. P&G тәуелсіз саясаттар немесе әрекеттер үшін жауапты немесе міндетті емес және құпиялылық тәжірибелеріне, ережелері мен шарттарына немесе сол веб-сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Сілтемеленген сайттар сізге қолайлы болу үшін ғана берілген және оларға өз тәуекеліңізбен кіресіз. Сілтемелер P&G демеушілері, кез келген сауда белгісі, сауда атауы, қызмет көрсету белгісі, жобалау, логотип, символ немесе бейнеленген басқа авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мақұлдайды, еншілес болып табылады немесе пайдалануға заңды түрде өкілетті не осындай Сыртқы сайттар арқылы қол жетімді екенін білдірмейді.

Егер сіз Сайтта P&G қамтамасыз еткен сілтемелер арқылы және әлеуметтік желі платформасы арқылы кез келген P&G өнімдері туралы ақпаратпен бөліскіңіз келсе, Сайттан шықпай-ақ әлеуметтік желі платформасында профиліңізге тікелей сол ақпаратты орналастыра аласыз. Кейбір әлеуметтік желі платформалары пайдаланушыға қабаттар немесе басқа технологияларды пайдалану арқылы әлеуметтік желі платформасына деректерді қабылдауға және жіберуге функционалдық мүмкіндік береді. Деректерді P&G жинаған деп көрінуі мүмкін болса да, деректер іс жүзінде әлеуметтік желі платформасы және/немесе үшінші тарапты қызмет провайдерімен тікелей жиналады. Кез келген ақпаратты бөлісу үшін әлеуметтік желі платформасын пайдалану кезінде ережелерге, шарттарға және әлеуметтік желі платформасының шектеулеріне сәйкес болу тиіс.

Жоғарғы жаққа.

Сайт және өнім шағымдарының географиялық ауқымы

P&G Қазақстан Республикасы сайттарды басқарады және пайдаланады. P&G өнімдерінің тиімділігі туралы әрбір пікір немесе шағым және P&G өнімдерінің тиімділігін басқа өнімдердің тиімділігімен салыстыратын әрбір пікір немесе хабарлама егер Сайтта басқалай көрсетілмесе, Қазақстан Республикасы қатаң түрде шектеледі. Сайттарда өзгеше көрсетілмеген жағдайлардан басқа, Сайттар Қазақстан Республикасы мен оның аумағында P&G сататын P&G өнімдерін ілгерілетуге ғана арналған және P&G оның веб-сайттары немесе осылайша сипатталған өнімдердегі материалдардан басқа жерлерде пайдалануға тиісті немесе қол жетімді ешқандай мәлімдемелер жасамайды.

P&G кез келген сайттың мазмұны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде пайдалануға тиісті немесе қол жетімді ешқандай ұсыныс жасамайды. Мазмұны заңсыз болып табылатын аумақтардағы Сайттарға кіруге тыйым салынады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден Сайттарға кірушілер өз ынтасымен және тәуекелімен солай орындап жатыр және қолданыстағы жергілікті заңдарға сәйкес жауапты болады. РҚ экспорт заңдары мен ережелерін бұзып мазмұнды пайдалана немесе экспорттай алмайсыз.

Жоғарғы жаққа.

Электрондық байланыстар

Сіз осы Сайтқа кірсеңіз немесе бізге электрондық хаттар жіберсеңіз, бізбен электрондық түрде хабарласып жатқаныңызды білдреді. Біз өз қалауымызбен Сайттарға хабарландыруларды орналастыру арқылы немесе электрондық поштамен жауап беру арқылы сізбен электрондық түрде байланысуымыз мүмкін. Біз сізге электрондық түрде қамтамасыз еткен барлық келісімдер, хабарландырулар, жаңалықтар және басқа байланыстар жазбаша болғанда кез келген заңды талаптарға сәйкес келетініне келісесіз.

Жоғарғы жаққа.

Сайттың мазмұны - Құлақтандыру

Сайт материалдары (кез келген графикалар, бағдарламалық жасақтамалар, ұсыныстар немесе басқа да материалдарды қоса) және Сайт арқылы қамтамасыз етілген қол жетімді "қалпында" кез келген материалдар көрсетілген немесе ұйғарынды ешқандай кепілдіктерді бермейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде рұқсат етілу үшін, P&G көрсетілген немесе ұйғарынды барлық кепілдіктерден, соның ішінде тауар жарамдылығының барлық ұйғарынды кепілдіктерінен, арнайы мақсат, атауы және құқық бұзбау талабынан бас тартады. P&G Сайт материалдарын пайдалануға қатысты олардың дәлдігі, сенімділігі немесе басқаша пайдалану нәтижелері немесе қолдануға қатысты кепілдік бермейді немесе ұсыныс жасамайды. Осы Сайттағы материалдарда техникалық қателер немесе емле қателері болуы мүмкін. Бұл материалдар тиісті мерзімнен кейін орын алатын оқиғалар нәтижесінде дұрыс болмауы немесе дұрыс емес болуы мүмкін. P&G осындай ақпараттың дәлдігін тексеру және қамтамасыз ету үшін ешқандай міндеттемені өз мойнына жүктемейді. Кейбір заңды құзыреттер ұйғарынды кепілдіктердің созылу уақытына шектеулерге немесе жанама немесе кездейсоқ залал үшін жауапкершіліктен бас тарту немесе шектеуге рұқсат бермегендіктен, жоғарыдағы шектеулер сізге қатысты болмауы мүмкін.

Жоғарғы жаққа.

Сайтты пайдалану - Құқықтық мәлімдеме

P&G Сайт және оның жұмысын қамтамасыз етуге күш салады, бірақ Сайт немесе оның жұмысында болуы мүмкін кез келген ақаулар үшін жауапты емес және бола алмайды. Сайт жұмысына қатысты, P&G көрсетілген немесе ұйғарынды барлық кепілдіктерден, соның ішінде тауар жарамдылығының барлық ұйғарынды кепілдіктерінен, арнайы мақсат, атауы және құқық бұзбау талабынан бас тартады. P&G (і) Сайт жұмысы пайдаланушы талаптарына сай болатынына; (іі) Сайтқа кіру үздіксіз, уақтылы, қауіпсіз, вирустардан, құрттардан, Троян аттары немесе өзге зиянды бөлшектер немесе кемшіліктер мен қателіктерден ада болатынына; (ііі) Сайтты пайдалану нәтижелері дәл немесе сенімді болатынына; немесе (іv) ақаулар түзетілетініне ешқандай кепілдік бермейді. Сіз (және P&G емес) Сайтқа кіру нәтижесінде пайда болған кез келген вирустар, қателер немесе басқа ақаулықтар нәтижесінде сіздің компьютерлік құрылғыңыз бен бағдарламалық жасақтамаңызға қажетті болуы мүмкін барлық қызмет көрсету, жөндеу немесе түзету жұмыстарының шығындарына жауапты боласыз. Кейбір заңды құзыреттер ұйғарынды кепілдіктердің созылу уақытына шектеулерге немесе жанама немесе кездейсоқ залал үшін жауапкершіліктен бас тарту немесе шектеуге рұқсат бермегендіктен, жоғарыдағы шектеулер сізге қатысты болмауы мүмкін.

Жоғарғы жаққа.

Жауапкершілік шектеуі

P&G ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА КЕЗ КЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, АРНАЙЫ, АЙЫППҰЛДЫҚ, КЕЗДЕЙСОҚ, ҮЛГІЛІК НЕМЕСЕ ЖҮЙЕЛІ ЗАЛАЛДАРҒА НЕМЕСЕ P&G СОНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛАДЫ ДЕП АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ЗАЛАЛ ЖӘНЕ БҰЛАР ШАРТТЫ ОРЫНДАУ ӘРЕКЕТІНДЕ, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ОСЫ САЙТТА ҚОЛ ЖЕТІМДІ АҚПАРАТТЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ, ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДАН, ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБІЛЕТСІЗДІКТЕН НЕМЕСЕ ОРЫНДАУДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА НҰҚСАНҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. ОСЫ ШЕКТЕУЛЕР КЕЗ КЕЛГЕН ШЕКТЕУЛІ ӨТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫНА ҚАРАМАСТАН ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

Міндеттеменің жоғарыда аталған шектеуінде заңды күші аяқталса, Провайдерлердің ең жоғарғы міндеттемесі Сайт арқылы тапсырыс берген өнімдер немесе қызметтер үшін төлеген сомадан аспауы тиіс. Кейбір заңды құзыреттер арнайы залалдар міндетінің шектеуіне немесе тыйымына рұқсат бермегендіктен, жоғарыдағы шектеулер мен тыйымдар осы Шарттарға сәйкес заңды құзыреттер шегінде сізге қатысты болмауы мүмкін. Заң сізге қатысты болса және Сайтты қолдану кез келген құқықтар немесе өтеу құралдарымен бас тартуға рұқсат бермесе, бұл Шарттар сізден осындай құқықтардан бас тартуды талап етпейді.

Жоғарғы жаққа.

Шығындарды өтеу

Сіз және/немесе сіз тіркелген кез келген Сайт пен сіздің тіркелгіңізден кірген кез келген басқа тұлға үшін осы Шарттардың, Сайтты пайдаланудың бұзылуы нәтижесінде P&G, оның қызметкерлері, директорлары, жұмысшылары, агенттері, лицензиарлары және жеткізушілерді шығындар, шығыстар, залалдар, ақша жұмсаулары және орынды сот төлемдерінен төлеуге, қорғауға және жауапкершіліктен босатуға келісесіз.

Жоғарғы жаққа.

Қолданыстағы заң және келіспеушіліктер

Заңмен рұқсат етілген дәрежеде, Қазақстан Республикасыматериалдық-құқықтық заңдарына сәйкес реттеледі және түсінідіріледі. Сіз, құжатта көрсетілгеннен басқа, Шарттарға немесе Сайтқа қатысты кез келген тікелей немесе жанама туындайтын даулар (Сайт арқылы P&G өнімдерін сатып алуды қоса) Қазақстан Республикасыорналасқан мемлекеттік соттарда ғана шешілетініне келісесіз..

Шарттар немесе Сайттан (Сайт арқылы P&G өнімдерін сатуды қоса) тікелей немесе жанама туындаған немесе қатысты әрекет немесе пікірдің себебі әрекет немесе пікір туындағаннан кейін 1 (бір) жыл ішінде басталуы тиіс.

Құпиялылық туралы мәлімдеме Құпиялық мәлімдемесі мен олардың жеке ақпаратына қатысты шағымдар беру үшін жеке тұлғаларға бөлек опцияларды ұсынады.

Жоғарғы жаққа.

Ешбір жеңілдік жоқ

P&G тарапынан Шарттардың кез келген бөлімін орындауды талап ету осы Шарттар немесе оның бөлімі немесе кез келген тұлға бөліміндегі келешек әрекеттер бойынша P&G құқықтарынан бас тарту дегенді білдірмейді. P&G арқылы кез келген қаражатты алу немесе P&G іс-әрекетіне кез келген адамның тірегі Шарттардың кез келген бөлімінен бас тарту деп есептелмейді. Тек P&G уәкілетті өкілі қол қойған нақты, жазбаша бас тартудың ғана заңды күші бар.

Жоғарғы жаққа.

Авторлық құқықтар және Сауда белгілері

Осы сайтқа енгізілген бүкіл мазмұн, оған қоса бірақ онымен шектелмей мәтін, дизайн, графикалар, интерфейстер немесе код және іріктеу мен уағдаластықтар оның АҚШ және басқа авторлық құқық заңдары бойынша ұжымдық жұмыс ретінде авторлық құқықпен қорғалған және P & G меншігі болып табылады. Авторлық құқығы қорғалған 2000-2015. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ САҚТАЛҒАН. Барлық сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері және сауда атаулары (жинақтап атағанда "Белгілер" ) сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады және Procter Gamble немесе P&G осы белгілерді пайдалануға құқық және лицензия берген басқа тиісті иелерінің меншігі болып табылады.

Жоғарғы жаққа.

Бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу

Егер сіз Сайттан бағдарламалық жасақтаманы жүктесеңіз, бағдарламалық жасақтамаға қатысты барлық файлдар, суреттер мен деректер (жинақтап атағанда, "Бағдарламалық жасақтама") P&G-мен сізге лицензияланады. Жүктелген бағдарламалық жасақтама сіздің иелігіңізде емес және P&G сізге бағдарламалық жасақтаманың меншік құқығын бермейді. P&G жүктелген Бағдарламалық жасақтаманың толық иелігі мен атауына және Бағдарламалық жасақтаманың барлық зияткерлік меншік құқығын сақтап қалады. Сізге Бағдарламалық жасақтаманы қайта бөлу, сату, қайта тарату, дайын өнімнен техникалық құжат дайындау, бөлшектеу немесе адамға түсінікті нысанда басқалай өзгертуге болмайды. Сайттан жүктелген бағдарламалық жасақтама Қазақстан Республикасы электрондық портының бақылау заңдарына бағынады. Егер сіз веб-сайттардан бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алсаңыз, сіз сол заңдарды бұзбайтыныңызға P&G мәлімдейсіз және кепілдік бересіз.

Жоғарғы жаққа.

Мобильдік

Сайт ұялы телефон арқылы қол жетімді мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсына алады. Осы мүмкіндіктер мен қызметтер, сізге ұялы телефоныңыздан Сайтқа кіруге, Сайтқа мазмұнды жүктеуге, Сайттан хабарларды алуға, ұялы құрылғыңызға қолданбаларды жүктеуге немесе Сайт қызметтеріне кіру мүмкіндігін қамтиды, бірақ онымен шектелмейді (жинақтап атағанда, "Ұялы байланыс қызметтері"). Біз Ұялы байланыс қызметтеріне төлем алуымыз мүмкін және бұл төлемдер Ұялы байланыс қызметтерін тіркеуді аяқтау алдында көрсетіледі. Сондай-ақ, стандартты хабар алмасу, деректер және басқа да алымдар тасымалдаушыңыз арқылы төлем алуы мүмкін. Алымдар мен төлемдер сіздің ұялы телефоныңыздың шотында пайда болады немесе алдын ала төленген теңгерімнен шегеріледі. Сіздің оператор байланысыңыз кейбір Ұялы байланыс қызметтеріне тыйым салуы немесе шектеуі мүмкін және кейбір Ұялы байланыс қызметтері сіздің оператор байланысыңыз немесе ұялы телефоныңызға үйлеспеуі мүмкін. Осы мәселелерге қатысты сұрақтарды байланыс операторыңызға қойыңыз. Тиісті жағдайларда, кейбір Ұялы байланыс қызметтерінің шығу жолы туралы нұсқаулар осы Ұялы байланыс қызметтерімен байланысты жарияланатын болады. Нұсқаулар сізден құпиясөзді жазуды талап етуі мүмкін (мысалы, "ТОҚТАУ," "БАС ТАРТУ," "АЯҚТАУ," "ЖАЗЫЛЫМНАН ШЫҒУ," "ШЫҒУ," т.б.) Ұялы байланыс қызметтерінің тиісті қысқа коды

Сіз тіркелген Ұялы байланыс қызметтері сіздің ұялы құрылғыңызға P&G немесе басқа тараптарға қатысты байланыстарды жіберуі мүмкін. Сонымен қатар, біз сіздің Ұялы байланыс қызметтерін пайдалануыңызға қатысты ақпаратты жинай аламыз.

Жоғарыға оралу

Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағым түсіруге қатысты ескертпелер және процедуралар

бөліміне сәйкес, авторлық құқықтарды бұзу туралы хабарламаларды сайттар тағайындаған агентке жіберу керек. КЕЛЕСІ РӘСІМГЕ ҚАТЫСТЫ ЕМЕС НЕМЕСЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН БАРЛЫҚ СҰРАУЛАРҒА ЖАУАП БЕРІЛМЕЙДІ. .

P&G басқалардың зияткерлік меншік құқықтарын құрметтейді және біз де біздің пайдаланушыларымыз бен келушілерімізден дәл соны сұраймыз. P&G жорамалды бұзушылықтардың хабарламаларын өңдейді және тергеу жүргізеді және Сандық дәуірде авторлық құқықты қорғау заңына ("DMCA") және қолданыстағы басқа зияткерлік меншік заңдарына сәйкес тиiстi шараларды қабылдайды. DMCA сәйкес хабарларды алғаннан кейін, P&G бұзылып жатыр деп анықталған немесе бұзылу әрекетіндегі кез келген материалды алып тастау немесе жарамсыз ету әрекетін орындайды немесе материалға ұсыныс немесе сілтемеге немесе бұзылды деп анықталған әрекетті алып тастау немесе жарамсыз ету әрекетін орындайды.

Егер сіз жұмысыңыз авторлық құқықтарыңыз бұзылған жолмен көшірілді деп ойласаңыз, P&G мынадай ақпаратты қамтамасыз етіңіз. Заңды күші болу үшін, сіздің хабарламада мыналардың БАРЛЫҒЫ қамтылуы тиіс деп хабарлаймыз:

  1. бұзылды деп есептелген ерекше авторлық құқық иесінің атынан әрекет етуге уәкілетті тұлғаның жеке немесе электрондық қолы;

  2. сіз бұзылды деп берген авторлық құқықпен қорғалған жұмыстың сипаттамасы;

  3. сіз бұзылып жатыр деп берген Сайтта орналасқан материалдың сипаттамасы;

  4. сізбен байланысу үшін P&G рұқсат беруге жеткілікті мекен-жайыңыз, телефон нөміріңіз, электрондық пошта мекенжайы және барлық басқа ақпарат;

  5. даулы пайдалануға авторлық құқық иесі, оның агенті немесе заңды түрде құқық берілмегені туралы адал болжамды мәлімдеме;

  6. сіздің хабарламаңыздағы жоғарыда берілген ақпарат дұрыс екені және сіз авторлық құқық иесісіз немесе бұзылды деп болжанған айрықша құқық иесінің атынан әрекет етуге өкілетті болып табылатын тұлға екеніңіз туралы және жалған куәлік үшін жауапты өз мойнына алу мәлімдемесі.

Авторлық құқықтарды бұзу туралы шағым мына мекенжайға жіберілуге тиіс:

Пошта арқылы: : Procter & Gamble компаниясы

Заңды/IP бөлімі Авторлық құқық агенті One Procter & Gamble Plaza Cincinnati, Ohio 45202 United States

Факс арқылы : (513) 945-6840

Электрондық пошта арқылыcopyright.im@pg.com

(Тақырып жолында "Құқықтары бұзылған туралы хабарлама" жазыңыз.)

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ : ЖОҒАРЫДАҒЫ АҚПАРАТ ТЕК ХАБАРЛАНУШЫ PROCTER & GAMBLE ҒАНА СІЗДІҢ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛҒАН МАТЕРИАЛЫҢЫЗДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛҒАН БОЛУЫ МҮМКІН ДЕП ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ СҰРАҚТАР МЕН ТАЛАПТАР НЕМЕСЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ СҰРАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӨНІМ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ ТӘРІЗДІ СҰРАУЛАРҒА ОСЫ ҮДЕРІС АРҚЫЛЫ ЖАУАП БЕРІЛМЕЙДІ.

Жоғарғы жаққа.

Бізге хабарласыңыз

Шарттар сіздің сұрағыңызға жауап бермесе немесе Этикалық кодекстің бұзылғанын хабарлағыңыз келсе, мына мекенжайға хабарласыңыз:

Хат жолдау

The Procter & Gamble Company One Procter & Gamble Plaza Cincinnati, Ohio 45202 United States

Эл. пошта

www.pg.com сайтына өтіп, беттің астындағы "Байланыс" сілтемесін басыңыз.

Жоғарғы жаққа.

Еже тақырыптары

Осы Шарттардағы еже тақырыптары тек ыңғайлы болу үшін ғана берілген және олардың заңды күші жоқ.

Жоғарғы жаққа.

Келісім шартына бағынбайтын жағдайлар

Осы Шарттардың кез келген бөлімі немесе бөлімдері, жарамсыз, заңсыз, орындауға келмейтін, немесе кез келген заңды құзыреттің заңына қайшы болса, онда бұл басқа бөлімдерде қандай да бір жолмен жүзеге асырылмауы тиіс.

Жоғарғы жаққа.

Авторлық құқық 2001-2021 P&G. Барлық құқықтары сақталған.